
ДЕПАРТАМЕНТ: ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
🔹 2025 жылдың 15 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Мақтарал ауданында орналасқан Түркістан облысы білім басқармасының "Мақтарал ауданы білім бөлімі" ММ-не жұмыстан шеттетудің заңдылығы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.