
АРЫС: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ «АРЫС ЖЫЛУ» МКК-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
📌 Департамент басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы және Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы 2025 жылдың 15 мамырындағы кезекті кездесуді Арыс қаласында орналасқан «Арыс жылу» МКК-ның жұмысшыларымен жалғастырды.
📌 Басшының орынбасары Берік Серікбайұлы аталмыш кездесу орталықтандырылған жылу жұмысшыларына Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының бекіткен «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ұйымдастырылып отырғандығын түсіндіріп өтті.
📌 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің басым бағыттарын тарқата отырып, өңірдегі кәсіпорындардағы жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасады.
📌 МЕИ Дамир Серғазыұлы өз баяндамасында Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтарға тоқталды.
📌 Сондай-ақ, Дамир Серғазыұлы міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті.