АРЫС: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АРЫС: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АРЫС: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
📌 Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының бекіткен «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес 2025 жылдың 15 мамырында Департамент басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы және Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы Арыс қаласында орналасқан «Арыс аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның қызметкерлерімен түсіндіру, кездесуі өткізді.
📌 Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары Берік Серікбайұлы орталық аурухана қызметкерлеріне кездесудің мақсаты мен міндетін түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің басым бағыттарын тарқатып өтті.
📌 Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындардағы жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасады.
📌 Кезектегі сөз тізгінін алған МЕИ Дамир Серғазыұлы өз баяндамасында Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі заң бұзушылықтарға жол берілетін мәселелерге тоқталды.
📌 Сондай-ақ, Дамир Серғазыұлы міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігі айтылды.
📌 Кездесу соңы ұжым қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен жалғасын тапты.