🔰 СОЗАҚ: ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

🔰 СОЗАҚ: ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

🔰 СОЗАҚ: ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

🔹 2025 жылдың 6 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Тулендиев Мұрат Сағынұлы Созақ ауданы, Шолаққорған елді мекенінде орналасқан ҚР ДСБ "Созақ аудандық орталық ауруханасы" КММ-не ҚР Еңбек кодексінің 10-бабы «Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері», ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері», кодекстің 33-бабы «Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі» және кодекстің өзге де баптары бойынша мәселелерге қатысты аталмыш мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізді.

🔹 Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысымен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алуда атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұрат Сағынұлы орталық аурухана ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

🔹 Мұрат Сағынұлы еңбек ұжымына жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.