🔰 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БИАХМЕТОВ АСҚАР САҚТАҒАНҰЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

🔹 Үстіміздегі жылдың 5 мамыры күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Биахметов Асқар Сақтағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.

🔹 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Сақтағанұлының облысымыздағы жұмыс сапары Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының төрағалығымен өткен инновациялық даму, инвестициялық ахуал және халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылау жөніндегі мәжіліске қатысуымен бастау алды.

🔹 Мәжілісте жұмыспен қамту мәселелері мен инвестициялық ахуалды талқылау және инвестициялық жобалардың инновациялық навигаторын таныстыру мәселелері облыстық тиісті басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарларының (онлайн режимде) қатысуымен талқыланды.

🔹️ Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Сақтағанұлы облыстағы бірқатар өндіріс орындарындағы инновациялық навигаторына енгізілген жобалардың барысымен танысты.

🔹️ Атап айтқанда:
- «СП ТУРАН-МЕБЕЛЬ» ЖШС-гі жихаз өндірісімен;
- «BASPOLYMER» ЖШС-нің ірі-тораптық зауыт құрылысымен;
- «PSI Mineral Technologies» ЖШС-нің Тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауытының құрылыс жобалары.

🔹️ Сондай-ақ, Түркістан облыстық еңбек мобильдігі орталығының жұмысымен танысты.