🔰 СОЗАҚ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ

🔰 СОЗАҚ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ

🔰 СОЗАҚ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ

🔹 «28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау" күні аясында Департаменттің ұйымдастыруымен Созақ ауданында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

🔹 Атап айтқанда: - 2025 жылғы 25 сәуір күні еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен бөлім қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттардың алдын алу, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрландыру арқылы қауіпсіздікті арттыру мәселелері талқыланды.

🔹 Мекемелердің көрнекі жерлеріне, аудан орталығына және ауыл округтерінде «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған ақпараттық баннер тақтайшасы орнатылды. Атқарылған іс-шаралар еңбек қауіпсіздігін арттыруға және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге бағытталды.

🔹 Сонымен қатар, Жуантөбе а/о-де "28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне" орай, ауылдық округте тұратын іскер, қолөнер шеберлері мен кондитер, сүт өнімдерін өндіруші қыз-келіншектер арасында "Жетістікке жеткен дара кәсіпкерлерге жол" атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өз қолдарымен пісіріліп, дайындалған нан өнімдері, сүт өнімдері мен қол өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Іскер ханымдардың жеткен жетістіктері жайлы баяндалып, құттықтау мен ән-шашулары көрсетілді.