ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ - ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ - ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ
  • ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ - ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ

 

  • Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы Түркістан қаласында орналасқан Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» МКҚК-не ҚР Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттеріне және өзге де еңбек қатынастарына қатысты мәселе бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

 

  • 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, сонымен қатар жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ернұр Сейтқалиұлы мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

  • Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты талаптарды, міндеттерді тарқатып өтті.