⚜️ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ - ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ
🔹 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және ҚР халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 18 сәуір күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Қазақ ССР 40 жылдығы ауылында орналасқан "Cotton Мақта" ЖШС-де профилактикалық бақылау жүргізді.
🔹 Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы "Cotton Мақта" ЖШС-нің ұжымына 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔹 Түсіндірме жүргізу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы ЖШС ұжымының жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес түсіндірме беріп өтті.