️ ️
⚠️ МӘЖБҮРЛІ ЕҢБЕККЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
📌 2025 жылдың наурыз айында Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Т.Қабденовтың «Адам саудасының алдын-алу бойынша мобильді топтың қызметі және Түркістан облысы бойынша құрбандарын анықтау» іс-шарасы бойынша бекіткен кестесіне сәйкес құрылған арнайы мобильді топ 2025 жылдың 18 сәуір күні Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында өңірдің әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
📌 Кездесудің мақсаты: халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау бойынша ағарту және ақпараттық іс-шараларды, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Адам саудасы құрбандарын, оның ішінде әлеуетті құрбандарды проактивті сәйкестендіру (анықтау).
📌 Аталмыш іс-шараға Департаменттің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы қатысты.
📌 Кездесу барысында Департаменттің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы адам саудасына қатысты орын алған мәселелерде 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласы арқылы мәжбүрлі еңбектің құрбандары болғандарға және оның алдын-алу, болдырмауға байланысты құқықтық көмек көрсету мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.