МАМАНДЫҚҚА БАСТЫ БАҒДАР

- 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Департаментпен атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №1182 қаулысымен бекітілген ҚР-ның 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 17-тармағында жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп "Қауіпсіз еңбек: кәсіп және мансап" тақырыбында 11-сынып оқушыларына арналған онлайн кәсіптік бағдар беру көрмесін ұйымдастыру және өткізу қарастырылған.
- Аталған қаулыға және бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Департамент тарапынан Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда орналасқан білім беру мекемелерінде бітіруші жоғары 11-сынып оқушыларына «Қауіпсіз еңбек: кәсіп және мансап» тақырыбында арнайы дәрістер өткізілуде.
- Атап айтқанда: Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Түркістан қаласында орналасқан «№33 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің бітіруші 11-сынып түлектеріне 2025 жылдың 18 сәуірінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Ержанов Бекжан Ержанұлы және Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы "28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне" орай жұмысшы мамандықтар жылының негізінде мамандық таңдауда "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері, маманы", "Өндірістегі еңбекті қорғау және гигиена" мамандықтарының адам өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды мамандық екені түсіндіріліп, осы мамандыққа оқуға түсіп, жоғары білім алып, осы салада жұмыс істеуге шақырып, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек қатынастары, еңбек адамының рөлі, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері, еңбек саласына қатысты заңдылықтардың реттелу жолдары, жазатайым жағдайлардың алдын-алу мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша дәріс өткізді.
- Алдағы уақытта аталған жұмыстар бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, осындай дәрістер басқа да мектептерде жалғасын табатын болады.