ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ - ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ

ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ - ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ
  • ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ - ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ

 

  • Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында орналасқан Түркістан облысы білім басқармасының «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК-не ҚР Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттеріне және өзге де еңбек қатынастарына қатысты мәселе бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

 

  • Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу, сонымен қатар алда атап өтілетін 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы колледж ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

  • Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты талаптарды, міндеттерді тарқатып өтті.