ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ - ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗІ

ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ - ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗІ

 

  • Түркістан облысы, Созақ ауданындағы "Ақбастау" АҚ, №4 бұрғылау жер телімі аумағында орналасқан "DRILLING COMPANY" ЖШС-не 2025 жылдың 15 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы өндірісте орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.

 

  • Өндірістегі орын алған жазатайым оқиғаға байланысты жүргізілген арнайы тергеп-тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтары, сонымен қатар алда келе жатқан 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Сейтқазыұлы ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы "Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері" және 52-бабы "Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу" негіздеріне және еңбек заңнамасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.