СЕНБІЛІК: ТАЗАЛЫҚ – ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІСІ

СЕНБІЛІК: ТАЗАЛЫҚ – ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІСІ
  • СЕНБІЛІК: ТАЗАЛЫҚ – ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІСІ

 

  • Тазалық – баршаға ортақ. Әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалығын сақтауға ынта қоюға міндетті.

 

  • Осы орайда, ағымдағы жылдың 12 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес қаладағы санитарлық-тазалықты қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласындағы әр аптаның сенбісінде ұйымдастырылып отырған кезекті сенбілікке ат салысты.

 

  • Қоршаған ортадағы азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту ұстанымын алға қойған Департамент қызметкерлері мекемеге бекітілген аумақтағы көше бойынан қоқыс қалдықтарын шығарып, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.