ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

- ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
- 2025 жылдың 5 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан қаласын көркейту, көгалдандыру және санитарлық-тазалықты қамтамасыз ету мақсатында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес Түркістан қаласында кең ауқымды жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырды.
- "Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты-қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту.
- ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері де аталмыш іс-шараға қатысып, Департаментке бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.