ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
  • ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

 

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және ҚР халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 3 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Түркістан облысы Мақтарал ауданында орналасқан Түркістан облысы білім басқармасы Мақтарал ауданы білім бөлімінің «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ-не профилактикалық бақылау жүргізді.

 

  • Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұжымында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты, жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне, еңбек қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

  • Түсіндірме жүргізу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ- ұжымының жұмыскерлері мен жұмыс берушілер тарапынан еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жауап берді.