ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
  • ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және ҚР халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 26 наурыз – 1 сәуір аралығында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Смадияр Алдияр Шаниярұлы және Биділдә Ербол Серікбайұлы Түркістан қаласында орналасқан "Қуаныш" ЖШС-де профилактикалық бақылау жүргізді.

 

  • Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Алдияр Шаниярұлы және Ербол Серікбайұлы "Қуаныш" ЖШС-нің ұжымында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

  • Түсіндірме жүргізу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары ЖШС ұжымының жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан қойылған еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес түсіндірме беріп өтті.