ТҮЛКІБАС: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ!

ТҮЛКІБАС: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ!

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Осы бағыттағы маңызды талаптардың бірі – қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру.

Осы орайда, Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кездесу Түлкібас ауданында өтті.

Кездесуге Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Калмен Бақдауір Тынысбекұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, Мансап орталығының басшылары мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу барысында Ғалымжан Сейдуәліұлы өндірістік қызмет барысында қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, міндетті сақтандыру жүйесі зардап шеккен қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуына мүмкіндік беру заңдылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осыған байланысты Түлкібас ауданындағы жұмыс берушілер өндірістік қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын уақтылы жасасуға тиіс екендіктерін шегелеп өтті.