ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА!

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА!

2026 жылдың 24 тамыз күні Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, өңір тұрғындарының еңбек құқықтарына қатысты мәселелері қаралды.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар еңбек қатынастары, жалақының уақытылы төленуі, еңбек шартын жасасу, жұмыс берушінің міндеттері, еңбек қауіпсіздігі және еңбек заңнамасының сақталуына қатысты сауалдарын қойды.

Департамент басшысының орынбасары Мұрат Сағынұлы азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында түсіндірме берді.

Қабылдау барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында туындайтын еңбек дауларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Департамент еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып, тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін заң шеңберінде шешуге ықпал етуде.