
Түсіндірме барысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі екені атап өтілді. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.