
Іс-шара барысында «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбы бойынша еңбек заңнамасының талаптары, өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі саласындағы міндеттері, сондай-ақ өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізді.