🔰 ТӨЛЕБИ: «KAZPLAST» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 ТӨЛЕБИ: «KAZPLAST» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 15 шілде күні Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы «KAZPLAST» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Алдияр Шаниярұлы «KAZPLAST» ЖШС-не еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
- қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
- мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
- еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.