🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 9 шілде күні Департаменттің ұйымдастыруымен ҚР Атамекен ҰҚП Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлескен «Кәмелет жасқа толмағандарды жұмысқа тарту кезіндегі олардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу» бойынша кездесу өтті.
 
🔹 Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту бөлімінің»басшысы Ыдырыс Әзірет Талғатұлы, Түркістан облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Нурышева Дария Алтынбекқызы, аудан қалаларда орналасқан филиал басшылары және кәсіпкерлер қатысты.
 
🔹 Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу, еңбек қатынастарының заң талаптарына сай рәсімделуін қамтамасыз ету және жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
 
🔹 Іс-шара барысында Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары мен кепілдіктері, еңбек шартын жасасу тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ жасөспірімдерді ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға тартуға қойылатын шектеулер туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
 
🔹 Сонымен қатар жұмыс берушілердің кәмелетке толмаған қызметкерлердің құқықтарын сақтау жөніндегі міндеттері, еңбек заңнамасын бұзған жағдайда көзделген жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.