🔰 ШАРДАРА: ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ.

🔰 ШАРДАРА: ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ.

🔸 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы 2026 жылдың 16 маусым күні Түркістан облысы Шардара ауданы, «Шардара ауданы әкімінің аппараты» ММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔸 Еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Р мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, Тексеру барысында ҚР еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлерлің еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы қаралып, түсіндірме берілді.
🔸 Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіріліп, кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторы мекеме ұжымы тарапынан еңбек қауірсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау – әрбір жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ міндеті.