
🔷 Мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мақсатында Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
🔷 Бүгін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамен қызметкерлерінің қатысуымен кезекті жиын өткізді. Онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта және қызметтік міндеттерін атқару кезінде сақтауы тиіс әдеп қағидаттары, қызметтік мінез-құлық стандарттары, мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастырудағы әрбір қызметкердің жауапкершілігі мәселелері кеңінен түсіндірілді.
🔷 Сонымен қатар, Әдеп кодексі талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру және қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔷 Кездесу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, еңбек тәртібін нығайту, мемлекеттік қызметшінің жоғары моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастыру және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔷 Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.