🔰 ДЕПАРТАМЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

🔰  ДЕПАРТАМЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

🔷 Бүгін, Департамент басшысы Амангелді Әліш Салхудинұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өткізді.
🔷 Жиын барысында Амангелді Салхудинұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мүдделер қақтығысын болдырмау сынды мәселелерге ерекше назар аударып, қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
🔷 Сонымен қатар, Департамент басшысымен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары пысықталды. Жиын барысында еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер қаралып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері де талқыланды. Осы бағытта жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
🔷 Жиын қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және белгіленген міндеттерді сапалы орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді