
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Файзулла Байдуллаев Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Тұяқбаев Ербол Жоракелдіұлына өңірге жасаған жұмыс сапары үшін алғысын білдірді. Өз сөзінде Файзулла Байдуллаев вице-министрдің облыс тұрғындарымен ашық форматта кездесіп, азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдап, әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол халықпен тікелей байланыс орнату мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге оң ықпал ететінін жеткізді.