🔰 САРЫАҒАШ: ӨҢІРДЕГІ КАДР МАМАНДАРЫМЕН ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

🔰 САРЫАҒАШ: ӨҢІРДЕГІ КАДР МАМАНДАРЫМЕН ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
🔹 Бүгін Сарыағаш ауданында Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған облыс көлеміндегі әкімшіліктерге қарасты мекемелердің кадр мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырылды.
 
🔹 Аталмыш кездесуге Түркістан облысының әкімі аппараты кадр бөлімінің бас инспекторы Г.Тоққұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуәліқызы және өңірдегі кадр мамандары қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары түсіндіріліп, еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек шарттарын жасау, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек заңнамасын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
 
🔹 Мұндай түсіндіру жұмыстары еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және кадр қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.