
Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Алдияр Шаниярұлы "Ақсу-Жабағылы" оңалту-сауықтыру кешені" ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
- қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
- мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
- еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.