🔰 ҚАЗЫҒҰРТ: КАДР МАМАНДАРЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔰 ҚАЗЫҒҰРТ: КАДР МАМАНДАРЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні Қазығұрт ауданында Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған облыс көлеміндегі әкімшіліктерге қарасты мекемелердің кадр мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.
 
🔹 Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары түсіндіріліп, еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек шарттарын жасау, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек заңнамасын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
 
🔹 Сонымен қатар, өндіріс орындарында орын алатын жазатайым оқиға кезінде міндетті сақтандыру шарттарын жасамаған ұйымдарға мониторинг жасай отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері және зейнетақы жарналарының аударылу заңдылықтарын қадағалау бойынша мәселелер қаралды.
 
🔹 Кездесу аясында кадрлық іс жүргізудегі өзекті мәселелер қаралып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Мұндай түсіндіру жұмыстары еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және кадр қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.