
Кездесуге "ОҚО Даму фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығының" директоры Х.Д.Альжанова, Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Р.М.Абдуллаев, Түркістан облысы Атамекен кәсіпкерлер палатасының “Адами капиталды дамыту” бөлімінің 1-санатты сарапшысы Абданқұл Гүлдана Жарылқасынқызы және Сауран ауданында және Кентау, Түркістан қалаларында орналасқан дәріхана иелері қатысты.