
Ұлы Жеңіс – тек тарихи дата ғана емес, ол елдің рухын, батыр бабалардың жанқияр ерлігін айқындайтын қасиетті күн. Қазақ халқы да бұл жеңіске зор үлес қосты. Майданға аттанған мыңдаған қазақстандықтар ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Тылдағы еңбеккерлер күндіз-түні еңбек етіп, майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен және қажетті құралдармен қамтамасыз етті.