🔰 ТҮЛКІБАС: ӨҢІРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 ТҮЛКІБАС: ӨҢІРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША  МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Мемлекеттік еңбек инспекцясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының Еңбек мобильдігі орталығымен бірлесе Түлкібас ауданында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі мекемелерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.
 
🔹 Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы мен Түркістан облысының Еңбек мобильдігі орталығының директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы жүргізген мониторинг іс-шарасы барысында қызметкерлердің еңбек шарттарының рәсімделуі, міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының жасалуы және еңбек қатынастарына қатысты өзге де талаптардың орындалуы зерделенді.
 
🔹 Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша Ғалымжан Сейдуәліұлы тарапынан мекеме өкілдеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамалары талаптары түсіндіріліп, заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты ұсынымдар берілді.
 
🔹 Аталған жұмыстар еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.