🔰 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ: БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ ӨКІЛІ ӨҢІРДЕГІ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАСТАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

🔰 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ: БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ ӨКІЛІ ӨҢІРДЕГІ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАСТАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
🔹 Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлының төрағалығымен Түркістан облысында халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты даму бағытындағы өзара тәжірибе алмасу мақсатында БҰҰ Даму құқығы бойынша арнайы баяндамашысы Сурия Девамен маңызды кездесу өтті.
 
🔹 Кездесуге БҰҰ Арнайы баяндамашысы Сурия Дева, арнайы баяндамашының көмекшісі Анутанела Павлова, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Кеңсесінің Аға кеңесшісі Элизабет Да Кошта, аудармашылар Жанар Түсіпбкеова мен Ғайни Нұрқабаева, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Гуманитарлық ынтымақтастық және адам құқықтары жөніндегі Басқарма басшысы Дильноза Сүгірова, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің кеңесші Жазира Құл-Мұхаммед, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.
 
🔹Кездесу аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму, еңбек қатынастары, халықты әлеуметтік қорғау, ауылшаруашылығы және тұрақты даму мақсаттарына бағытталған бастамалар туралы баяндама жасады.
 
🔹 Сонымен қатар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясындағы өңірлік бастамалардың маңыздылығына тоқталып, халықаралық ұйымдармен әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды. Өңірде цифрландыру, кәсіпкерлікті қолдау, гендерлік теңдік және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар ерекше атап өтілді.
 
🔹 Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілі Сурия Дева Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға оң бағасын беріп, тұрақты даму қағидаттарын іске асырудағы өңірдің тәжірибесі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
 
🔹 Кездесу қорытындысында тараптар әлеуметтік-экономикалық даму мен адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара байланысты күшейтуде бірлесе жұмыстар атқаруға дайын екендіктерін білдірді.