
Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Дінмұхамед Иглікұлы "Түркістан қалалық емханасы" ШЖҚ МКК-ның еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
- қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
- мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
- еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.