🔰 САЙРАМ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

🔰 САЙРАМ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
🔹 Бүгін Сайрам ауданындағы кездесуде Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен кездесуде Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған және еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша мәселелер талқыланды.
 
🔹 Кездесуге Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Сарыбеков Нұрлан Өмірбекұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, Сайрам аудандық мансап орталығының директоры Ахметов Абылай Салыбекұлы, Түркістан облыстық Еңбек мобильдігі орталығының директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы, ауыл әкімдері, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттігі туралы түсіндірме беріп өтті.