🔰 БӘЙДІБЕК: ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР МЕН ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН РӘСІМДЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 БӘЙДІБЕК: ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР МЕН ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН РӘСІМДЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Бүгін Бәйдібек ауданында Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған және еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру мәселесі бойынша кездесу өтті.
 
🔹 Кездесуге Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Қарабеков Өмірзақ Жамбылұлы, Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары З.Кенжебаева, ауданға қарасты ауылдық окруктерінің әкімдері, мансап орталықтарының басшылары, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Мұрат Сағынұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару заңдылықтарына түсіндірме беріп өтті.