🔰 АРЫС: ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ, САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔰 АРЫС: ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ, САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔹 2026 жылдың 5 мамыр күні Арыс қаласында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған және еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру мәселесі бойынша кездесу өтті.
 
🔹 Кездесуге Арыс қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанов Алмаз Советұлы, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары З.Кенжебаева, ауданға қарасты ауылдық окруктерінің әкімдері, мансап орталықтарының басшылары, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департамент басшысы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару заңдылықтарына түсіндірме беріп өтті.
 
🔹 Жиын қорытындысы бойынша тиісті жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстарын күшейту және анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі белгіленді.