🔰 САУРАН: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР МЕН САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

🔰 САУРАН: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР МЕН САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
🔹 2026 жылдың 5 мамыр күні Сауран ауданында Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған, еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
🔹 Кездесуге Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дәуірхан Сейілбекұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол Серікбайұлы, Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Исабаев Мұхтар Айтжанулы, Сауран аудандық мансап орталығы филиалының директоры Карабаев Нурлыбек Сембекович, жеке меншік мектеп, балабақша басшылары, жеке кәсіпкерлер, білім беру және шаруа қожалықтарының басшылары, сонымен қатар дін өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.