🔰 КЕЛЕС: «АБАЙ» АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 КЕЛЕС: «АБАЙ» АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 29-30 сәуір аралығында Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты "Абай" Келес аудандық орталық ауруханасына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тесеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы "Абай" Келес аудандық орталық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
- қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
- мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
- еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.