🔰 АТАМЕКЕН: ӨҢІРДЕГІ КӘСІПОРЫН ИЕЛЕРІНЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ТІРКЕУ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔰 АТАМЕКЕН: ӨҢІРДЕГІ КӘСІПОРЫН ИЕЛЕРІНЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ТІРКЕУ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
🔹 Бүгін Сайрам ауданында фармацевтика саласында рецептілік дәрілік заттарды дәріханалардан босату мәселесіне байланысты қалыптасқан жағдайлар бойынша "ОҚО Даму фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ бірлескен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен еңбек қатынастары саласына қатысты заңдылықтарды түсіндіру семинары өтті.
 
🔹 Кездесуге қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері мен еңбек қатынастары саласына қатысты өзге де сұрақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр, "ОҚО Даму фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ бірлесіп директоры Х.Д.Альжанова және Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандарына қарасты кәсіпорын иелері қатысты.
 
🔹 Жиын барысында жауапты мамандар тарапынан жұмыс берушілердің міндеттері, жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі жүргізілмесе, аударылмаған зейнетақы жарналары мәселелері туралы кеңінен түсіндірілді.