
Брифинг барысында Мұрат Сағынұлы өңірдегі еңбек қатынастарын реттеу, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында атқарылған негізгі жұмыстар туралы баяндады. Оның ішінде, Департаменттің еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылаудың жай-күйі туралы, Департаментке келіп-түскен арыз-шағымдарының орындалуы, жүргізілген тексерулер мен атқарылған заңбұзушылықтар, ол бойынша берілген нұсқамалар мен олардың орындалуын тарқатып өтті.