🔰 «28 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ»: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ!

🔰 «28 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ»: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ!
🔹 Бүгін, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің сәуір айын «Еңбекті қорғау айлығы» деп жариялауына байланысты бүгін Департаменттің ұйымдастыруымен «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» аясында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
 
🔹 Іс-шараның басты мақсаты – жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттардың алдын алу және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау.
 
🔹 Аталған іс-шараға кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, еңбек инспекциясының ардагерлері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқу орталықтарының жетекшілері және департамент қызметкерлері қатысты.
 
🔹 Күн тәртібіндегі кіріспе бойынша сөз тізгінін Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы алып, жиынға қатысушыларды «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай өткізіліп отырған іс-шараның мақсатымен таныстыра отырып, облыстағы еңбек қатынастары саласындағы ағымдағы ахуал туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша баяндама жасау үшін сөз кезегін Департамент басшысының орынбасары Тулендиев Мұрат Сағынұлына берді.
 
🔹 Әрі қарай, еңбек қорғау саласында жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, олардың еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында елеулі үлес қосып жүрген «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтыбаев Айдар Файзуллаевич, кәсіпкерлік саласының дамуына зор үлес қосып жүрген «Атамекен» ҰКП Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ибадуллаев Асылан Сейлбекұлы өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің сақталуы мен заңдылықтарының маңыздылығы бойынша және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мамандарды оқытуға үлес қосып жүрген «Ламега» ЖШС-гі оқу орталығының директоры Пряхина Ольга Николаевна баяндама жасады.
 
🔹 Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар мен қонақтарын аталмыш мерекемен құттықтау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мамандарды оқытуға үлес қосып жүрген «Безопасный труд» ЖШС оқу орталығының директоры Сихимбаев Сейдахмет Конкакович, облысымызда құрылыс саласындағы жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, олардың еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында елеулі үлес қосып жүрген Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Манахов Абдурайра және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бектаев Мақсат сөз сөйледі.
 
🔹 Жиын соңында Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы Түркістан облысында жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мамандарды оқытуда үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға ресми түрде алғыс хаттармен марапаттады.