
Сонымен қатар, Департамент басшысы өңір тұрғындарының еңбек қатынастары саласына қатысты, оның ішінде жұмысқа орналасу және еңбек даулары, заңсыз бұйрықтың күшін жою заңдылығы, жүргізілген тексеру нәтижесімен келіспеу, жұмыс уақыты, еңбек демалысының берілмеуі, экологиялық төлемдер мен қосымша еңбек ақының төленбеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Ашық есік күні» іс-шарасына келген азаматтар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жан-жақты жауап берді.