
Сондай-ақ, Департамент басшысы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, шетелдік жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау үшін тиісті рұқсат алу, квота шеңберін сақтау және еңбек қызметін заңды түрде жүзеге асыру талаптарын кеңінен баяндады. Әлеуметтік қорғау бағытында шетелдік және жергілікті жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау, тең еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, тұрақты еңбекақының төленуін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету талаптары түсіндірілді.