🔰 ӘР ӨТІНІШ – НАЗАРДА: ҚАЗЫҒҰРТТА МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

🔰 ӘР ӨТІНІШ – НАЗАРДА: ҚАЗЫҒҰРТТА МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 10 сәуір күні Қазығұрт ауданында халықпен кері байланысты нығайту және азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
 
🔹 «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылдық округі, Қазығұрт елді мекенінде және Рабат ауылдық округі, Рабат елді мекенінде азаматтарды қабылдау бойынша қоғамдық қабылдау өтті.
 
🔹 Мобильді қабылдауға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Елнұр Сейтқалиұлы қатысып, өңір тұрғындары тарапынан қойылған еңбек қауіпсіздігі, жұмыстан заңсыз босату, жалақы төлеу және еңбек қатынастары саласына қатысты өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштер айтылды. Әрбір сұрақ мұқият тыңдалып, еңбек заңнамасы аясында нақты түсіндірмелер берілді.