🔰 ЖЕТІСАЙ: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ АЙЛЫҒЫ» АЯСЫНДА БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ

🔰 ЖЕТІСАЙ: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ АЙЛЫҒЫ» АЯСЫНДА БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ
🔹 Бүгін, сәуір айында жарияланған «Еңбекті қорғау айлығы» аясында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау мақсатында және тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Жетісай ауданының білім бөлімен қарасты «№65 «Достық» жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында Мұхтар Өтегенұлы мектеп қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуын бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыру, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібін ұйымдастыру мәселелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.