🔰 САЙРАМ: «№64 Ш.РАШИДОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 САЙРАМ: «№64 Ш.РАШИДОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Бүгін, Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты «№64 Ш.Рашидов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында:
- қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
- мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
- еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері жан-жақты қаралды.
 
🔹 Тесеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жүргізілген тиісті түсіндірме жұмыстары барысында заң талаптарын сақтау жөнінде ұсынымдар берді.