🔰 АРЫС: «KAZAKH REAL STROI» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 АРЫС: «KAZAKH REAL STROI» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың 2026 жылғы 27 наурыздағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Департаменттің "Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Арыс қаласында орналасқан «Kazakh Real Stroi» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында "Kazakh Real Stroi" ЖШС мекемесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесу барысында жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері, еңбек шарттарын жасау және бұзу тәртібі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
 
🔹 Сонымен қатар, қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы заңнамалық талаптар бойынша нақты ақпарат берілді.
 
🔹 Кездесу соңында Серіктестік ұжымы еңбек қатынастары саласына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.