🔰 «TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА ЕҢБЕК ТАЛАПТАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР – «МАМАН КЕҢЕСІНДЕ»!

🔰  «TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА ЕҢБЕК ТАЛАПТАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР – «МАМАН КЕҢЕСІНДЕ»!
🔹 Үстіміздегі жылдың 1 сәуір күні Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы «Turkistan» телеарнасы «Маман кеңесі» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат берді.
 
🔹 Сұхбат барысында еңбек қатынастарына қатысты негізгі жаңашылдықтар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтар мен міндеттердің өзекті мәселелері, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған нормалар кеңінен түсіндірілді.
 
🔹 Сонымен қатар, жаңа талаптарды іске асыру тетіктері, еңбек шарттарын рәсімдеу, жазатайым оқиғалардың алдын алу және қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері де қамтылды.
 
🔹 Спикер өз сөзінде еңбек заңнамасындағы өзгерістердің басты мақсаты – еңбек қатынастарын жетілдіру, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
 
🔹 Бағдарлама барысында Ғалымжан Сейдуәліұлы тікелей эфирге қоңырау шалып хабарласқан өңір тұрғындарының еңбек қатынастары саласына қатысты қойылған көкейтесті сұрақтарына да тиімді жауаптар берді.