🔰 СОЗАҚ: «ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ» АҚ-НЫҢ «ОҢТҮСТІК ВГ» ФИЛИАЛЫНА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 СОЗАҚ: «ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ» АҚ-НЫҢ «ОҢТҮСТІК ВГ» ФИЛИАЛЫНА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 1 сәуір күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Департаментпен бекітілген жоспардан тыс тексеру тағайындау актісіне сәйкес Созақ ауданында орналасқан «Волковгеология» АҚ-ның «Оңтүстік ВГ» филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында Дінмұхамед Иглікұлы еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастарына байланысты міндеттемелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.